Елордада 3 сәби терезеден құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бес күннің ішінде Астанадағы көпқабатты үйлердің терезелерінен 3 баланың құлау оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын күн жылына бастаған мезгілде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілеп кетеді. Қалалық  iKomek мониторинг және жәдел әрекет ету орталығының мәліметінше, соңғы бес күннің ішінде 3 мәрте бала құлау оқиғасы тіркелді», - деп жазылған орталықтың Фейсбук парақшасында.

Екі оқиға 18 сәуір күні тіркелген. 2014 жылы туылған екі бала 10-шы және 2-ші қабаттан құлаған. 10-шы қабаттан құлаған баланы құтқаруға мүмкіндік болған жоқ. Екінші қабаттан құлаған бүлдіршін әртүрлі дене жарақатын алған. Үшінші оқиға кеше, 23 сәуір күні болған. 5 жасар ұл бала үшінші қабаттан құлап, көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған орталық, сәбилерді қараусыз қалдырмауға, барынша абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар