Елордада 11 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полициясы жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 284 фактісін анықтаған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы . 

Астаналық полицейлер қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізудің үш күндігінде көші-қон заңнамасын бұзудың 284 фактісін анықтаған. Атап айтқанда: Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 251 шетел азаматы, шетелдiктерді қабылдаушы тұлғаның бекітілген ережені бұзғаны үшін 27 қазақстандық, шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану ережесін бұзғаны және шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Елден шығару туралы соттың шешімін орындамағаны, атап айтқанда ҚР ҚК 393-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 13 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Қазқастан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 42 шетел азаматы елден шығарылды.

118 шетел азаматына қатысты Қазақстан аумағында уақытша болу мерзімі қысқартылды, жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату орнына ТМД-ның 47 азаматы жеткізілді. Үш күннің ішінде 884 910 теңге сомасында айыппұл салынып, оның ішінде 510 525 теңгесі өндірілген.

Қалалық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастышысы Еркетай Тұтқышевтің айтуынша, жыл басынан бері елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 275 шетелдік және азаматтығы жоқ тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 1 674 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 139 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны және шетелдіктердің заңсыз жұмыс істегені үшін 147 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар