Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «Рахмет - Спасибо» қайырымдылық дүкенімен бірлесіп қайырымдылық акциясын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акция аясында қаланың ОӘД, «Рахмет» СОО, «Астықжан» СО сияқты ірі сауда орталықтарында киімдерді қабылдайтын арнайы бокстар орнатылды.

Көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуды қалаған кез келген адам киімдерді, аяқ киімдерді, пайдалы да қызықты кітаптарды, түрлі аксесуарларды осы бокстарға сала алады. Жиналған киімдер мен заттар белгілі бір уақыт ішінде қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

«Қоғамның әлеуметтік проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз», - деп жазылған таратылған хабарламада.

Атап өту керек, жеке тұтыну заттарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы, ойыншықтарды, азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді бокстарға салу тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар