Елорда медколледжінің студенттері жатақханадағы қандалаға шағымданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Жоғары медициналық колледж студенттері оқу орнының аудиториялары мен жатақханасындағы қандалаға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлер терезе маңындағы жәндікті бейне таспаға  түсіріп, редакцияға жіберді. Осы орайда «ҚазАқпарат» тілшісі оқу орнының директоры Ақбала Саржановадан аталған мәселенің мән-жайын сұрады.

«Бұл жәндіктер осыған дейін болған емес. Біз әрдайым осы бағытта қажетті шараларды іске асырудамыз. Мереке әрі демалыс күндері, яғни 30 қарашадан бастап 2 желтоқсан аралығында жатақханаға дезинфекция жүргізілді. Жатақханада тек үш-төрт бөлмеде ғана таралған екен. Біз онда тұрып жатқан студенттерді шығарып, дезинфекция жасадық. Кеше сабақ кезінде студенттер қандалаға ұқсас жәндікті байқап қалған. Осыдан кейін біз толықтай оқу корпусын тексеріп шықтық және ешбір аудиторияда анықталмады. Атап айтқанда, жеке өзім әрбір қабатты, аудиторияны аралап, тексердім. Өз кезегінде студенттер қандалаға ұқсас жәндікті көргендігін айтты», - деп түсіндірді колледж директоры.

А. Саржанованың сөзін қарағанда, дезинфекциялық шаралар кезінде студенттер қаладағы туыстарына немесе үйлеріне кетеді.

Сонымен қатар ол оқу орнының ғимараттарында зиянкестердің таралмауына жол бермеу жұмыстары тиісті ұйымдар тарапынан тұрақты негізде жүргізілетінін, келесі дезинфекция жаңажылдық мерекелеу кезінде іске асырылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар