Елорда емханаларында пациенттің электронды картасы енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда емханаларында пациенттің электронды картасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаменті директорының орынбасары Жазира Жылқышиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз елорданың барлық емханаларында болып, негізігі мәселелерді зерделедік. Сонымен қатар, оларға шетелдік және ресейлік емханаларға қолданылатын ең үздік тәжірибелерді таныстырдық. Қазіргі уақытта емханалардың бас дәрігерлері мен денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселемен, яғни электронды кезекті құру, пациенттердің электронды картасын енгізу және навигациялық мәселелер бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді ол елорда әкімдігінде өткен семинар  аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сұхбат барысында ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен «Астана адалдық алаңы» жобасының биылғы жылдың 7 ақпанынан бастап іске асырылып жатқанын айтты. Жоба мақсаты - қаланы қолайлы ортаға айналдыру, әкімшілік кедергілерді жою, нақты айтқанда тұрмыстық жемқорлықты болдырмау.

Айта кетейік, семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін көтеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында пікірталас түрінде өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар