Елорда әуежайы маңын су басу қаупі жоқ - әкімдік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әуежайы аумағын су басу қаупі жоқ. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі уақытта Майбалық көліндегі су көлемі шамамен 62 млн. текше метрді құрайды. Максималды көлемі 80 млн. текше метрге дейін жетеді. Осы жылдың наурызында Астана қаласының әкімдігі Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» арнасына дейінгі арнаны тазартты.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК мен Астана қаласының ТЖД қызметкерлері су басуы мүмкін аумақты зерделеу қорытындысына сәйкес, 280 млн. текше метр көлемінде су келуі ықтимал. Оның бір бөлігі су қоймасын толтыруға, тағы бір бөлігі кейін Есіл өзенінің арнасын санитарлық тазалау мақсатында пайдалану үшін қарсы реттеуішке түседі.

Осылайша, елорда әуежайы аумағын су басу қаупі жоқ.

Соңғы жаңалықтар