Елорда әкімдігі тұрғындарды оқу жылының алғашқы күндері жолда сақ болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың барлық білім нысандарында алғашқы қоңырау соғылды. Қала басшысы Әсет Исекешев орынбасарларымен бірге бірқатар мектептерге барып, жаңа оқу жылына білім нысандарының дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқа өңірлерден келіп жатқан бірінші сынып оқушыларының және жоғары оқу орындарына қадам басқан студенттердің санын ескере келе, әкім ата-аналарды, көлік жүргізушілер мен білім алушыларды жолдарда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Онымен бірге қауіпсіздік мақсатында қала басшысы тұрғындарға балаларға жол қозғалыс ережелерін үйретіп, білім ордаларына баруда барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы бағытты алдын ала белгілеп алуларына кеңес берді. Бүгінде Астана қаласының білім нысандарының жүйесін 422 ұйым таныстырады. Атап айтқанда, 264 мектепке дейін білім беру мекемесі, 95 орта білім беру нысаны, 34 теxникалық және кәсіби білім беру ордасы.

Қазіргі уақытта қалада түрлі типтегі 264 мектепке дейінгі мекеме бар, оның ішінде 97 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 116 жеке, 49 шағын орталық.

Елордада 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 84 мемлекеттік және 11 жеке мектеп.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында елордада 23 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Оның 17 мыңы бірінші сынып оқушысы.

Бүгінде 66 мамандық және 113 квалификация бойынша 34 колледжде (12 мемлекеттік және 22 жеке) мамандарды дайындау жүргізілуде.

Астанада 26 262 адам теxникалық және кәсіби біліммен қамтылған, олардың көбісі 15-20 жас аралығындағы жастар.

2017 жылы «Тегін кәсіби-теxникалық білім бәрі үшін» жобасы басталды, соның аясында 4757 студент оқумен қамтылмақ.

1000-нан астам студент дуальды оқумен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар