Елорда әкімдігі 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде 2017 жылдың қорытындылары шығарылды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі келтірген мәліметтер бойынша, барлық әлеуметтік-экономикалық индикаторлар бойынша өсім байқалған.

Уақытында атқарылған жұмыстың арқасында құрылыс көлемі ұлғайып, өсім 100,8%-ке жеткен.

Бір жыл ішінде 2 360 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында  7 тұрғын үй кешені (1062 пәтер) бой көтерді.

Жыл басынан елордада ШОБ-тің 12,7 мың субъектісі тіркелді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық көрсеткіш.

Еңбек нарығында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың 15 мыңға жуығы - ШОБ саласындағы жұмыс орындары.

Әлеуметтік сала нысандарының желілерін кеңейту мақсатында 5 мектептің жанынан 2600 орынға лайықталған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді, 480 орынға арналған 2 бала бақша ашылды. Жалпы және кәсіби білім беретін оқу орталығы ғимаратының жанында, «Психоневрологиялық медициналы-әлеуметтік мекеме» ММ-нің жанында 100 орынға арналған қосымша ғимарат пайда болды.

Инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстардың барлығы, «Талдыкөл» ақаба суларды жинақтағышын жою жобасының аясындағы технологиялық жабдықтың монтажы аяқталып, өнімділігі тәулігіне 200 мың куб метрді құрайтын бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған насосты-фильтрлік станция қайта жөндеуден өтті.

Нөсер канализациясын дамыту аясында № 27 көшедегі нөсер канализациясының тазарту ғимараттарының 3 кешені іске қосылды. Мұнымен қоса, Есіл өзеніне дейінгі, Рысқұлов көшесінен  №31 көшеге дейінгі аралықта жатқан нөсер канализациясының су тастайтын коллекторларының құрылысы аяқталды.

Құрылыс есебінен жылу желілерінің 50 шақырымы мен электр желілерінің 25 шақырымы, «Тұран», «Жаңа жол», «Бәйтерек» шағын станциялары, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жөндеуден өтті.

Қалада 177 аула абаттандырылып, балаларға арналған 1272 ойын элементтері орнатылды, 21 спорт алаңы ұйымдастырылып, ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі 9 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы бойынша мұндай нәтижелерге қол жеткізуге индустрияландыру, құрылыс, шағын және орта бизнес бағдарламаларын жүзеге асыру өз септігін тигізді.

Соңғы жаңалықтар