Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қоласын еншіледі

None
None
 САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияда өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында қаракөз қарындасымыз қазақ қоржынына қола жүлде сыйлады, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Қоржынымызға кезекті қола медальді анау-мынауға жалынан ұстата бермейтін асау спорт түрі саналатын мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева жеңіп алды.

Ол осыдан екі бұрын жарыстың қысқа бағдарламасында 17 жастағы аруымыз 53,16 ұпай жинап алтыншы орыннан көрінген болатын. Онда алдына аустралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), Қытайдың екі өкілі - Ли Цзыцзюнь (58,65) және Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30) шығып кеткен еді. 

Бүгін Элизабет Тұрсынбаева конькимен мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында 121,88 балл жинап екінші, екі түрі бойынша жалпы 175,04 балмен үшінші орынға тұрақтап, Азиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.  Бұл сайыста алтын медаль оңтүстік кореялық Дабин Чойдың (187,54) еншісінде, қытайлық Цзиюнь Ли (175,60) күмісті иеленді.



Тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова сегізінші орынға тұрақтады (132,64).


 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін биатлоншыларымыз аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) аралықтан бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алса, хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Фото: Ізтұрған Алдауев

Соңғы жаңалықтар