Елірген жолаушы ұшақтан секіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та  жолсерікті тістемек болған әрекеті сәтсіз аяқталған жолаушы ұшақтан секіріп кетті. 

Бұл оқиға 25 мамырда Солтүстік Каролина штатындағы  Шарлотт Дуглас халықаралық әуежайында болды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

American Airlines әуекомпаниясының 5242 рейсі Нью-Бернге ұшуы тиіс болған. Лайнер әуеге көтерілер сәтте 22 жастағы  Ту Лон Сейн өз орнынан тұрып басты есікті ашпақ болады. Жолсеріктер мен екі жолаушы жас жігіттің бұл ерсі қылығына бөгет жасамаққа әрекеттенген, бірақ ол бұған жауап ретінде әуекомпаниясының қызметкерін тістемекке ұмтылды.

Артынша есікті ашып үлгерген ол ұшақтан секіріп кетті.  

Атап өтілгендей, жұма күні  жас жігіт сот алдында жауап берді. Ол экипаж мүшелеріне шабуыл жасағаны және  қорқытқаны үшін айыпталды.

Соңғы жаңалықтар