Елімізге танымал дәрігер-урологтар оңтүстіктегі ер азаматтардың денсаулығын тексеріп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына елімізге танымал дəрігер-урологтар келіп, күнгейдегі ер азаматтардың денсаулығын тексеріп жатыр. 

Тәжірибелі мамандар  Шымкенттегі дәрігерлерге  шеберлік сыныптарын өткізіп, біліктілігін көтеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

оңт  Білгенімен бөліскен ақ халаттылар қазіргі таңда ерлер арасында простатит, жыныс безінің зарарсыз гиперплазиясы, эректильдік дисфункцияға жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары көп кездеседі дейді. Өкінішке қарай, отбасын құрған әрбір бесінші ер азамат белсіздікке ұшырайды екен. Әйелдерге қарағанда,  ер азаматтар  дәрігерге  3 есе  сирек   қаралады,  осыған байланысты  аурудың ерте сатысында  қаралмай, асқындырып жатады.  Нәзік жандылармен  салыстырғанда  еркектер 3 есе  жоғары  жүрек ишемиялық ауруына ұшырайды және 6 есе  жоғары  қан диабетімен ауырады. Соңғы 5 жылда еркек безі обырының нәтижесіндегі өлім-жітім көрсеткіші сүт безі обыры өлім-жітім көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге артып кеткен. 

Шымкент қаласына арнайы келген еліміздің бас урологы, медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ бас директоры М. Алшынбав, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі М.Зельцер,  Кардиология және ішкі аурлар Ғылыми зерттеу институтының  директоры, профессор С.Беркінбаев,  Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталық директоры Ж.Баттақова бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесті.   Білікті дәрігерлер оңтүстікке ер азаматтардың денсаулығының қазіргі жағдайын білу үшін келгенін атап өтті.

   «Бүгінде халық  денсаулығы медициналық проблема шеңберінен шығып, мемлекет пен жеке тұлғаның ықпал етуін талап етіп отырған әлеуметтік мәселеге айналды.  Түрлі аурулардың белең алуына жергілікті ақ халаттылар да бей-жай қарап отырған жоқ. Дегенмен өздеріңіздей білікті мамандармен тәжірибе алмасып шеберліктерін шыңдап жатқанығы қуантарлық жайт»,-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы .

        Сондай-ақ кездесуде Алматы қаласынан келген профессорлар жергілікті мамандармен бірігіп жағдайы ауыр бірнеше науқасқа жаңа технологияның көмегімен сәтті ота жасағандықтарын  баяндады. Танымал дәрігерлер облыстық клиникалық  аурухана мамандарының біліктілігін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар