Еліміздің төрт облысында дауыл тұратындығы ескертілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысында дауыл тұратындығы жайында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

13 тамызда тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

13 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көтерілген шаңды дауыл оңтүстік шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 15-20 м/с жел тұруы мүмкін.

13 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдаған кезде желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында 13 тамызда түнде найзағай күтіледі

13 тамызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы және дауыл соғуы мүмкін, жел түнде кей жерлерде, күндіз ұйтқи соққан желдің екпіні15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар