Еліміздің сегіз өңірінде -3 градусқа дейін үсік жүреді
Атап айтқанда, 12 қыркүйек күні Астана қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
12-ші қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады, жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. 12-13 қыркүйек күндері түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде минус 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында 12 қыркүйек күні түнде топырақ бетінде минус 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей аумақтарда 23 м/с артады.
12-13 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін. 13-14 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.
12-13 қыркүйек күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр) күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, 12 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Түнде 12 қыркүйекте Ақтөбе, 12-13 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 13-14 қыркүйекте Акмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градус үсік күтіледі.