Еліміздің оңтүстігінде күн 40 ºС дейін ысиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» 2017 жылдың 20-22 шілдесіне арналған ауа-райы болжамын жария етті.

Республикамыздың оңтүстік бөлігінде күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы аздаған уақыт қана төмен болады да, артынан қайта көтеріледі. Алдағы екі тәулікте, температура +30...+38°C дейін, ал 22 шілдеде кей жерлерде 41ºС дейін ысиды деп болжануда.

Қазақстанның солтүстік бөлігінің жекелеген аудандарында нөсер жауын жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Ауа температурасы нормаға сай болады, алайда синоптиктер 22 шілдеде кей жерлерде температура +30...+35°С дейін жоғарылайды деп болжауда.

Соңғы жаңалықтар