Еліміздің бірнеше облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Қазақавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Астанада сағат 20:00-ден бастап көлік құралдарының кез келген түрі үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Қатты жел мен көктайғақтың түсуіне байланысты Ақмола облысында сағат 20:00-ден бастап көлік құралдарының кез келген түрі үшін республикалық маңызы бар  мына тасжолдар жабылды:

 «Астана-Петропавл» (18-231 шақырым); «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым, Қостанай облысы - СҚО шекарасы); «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы); «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 шақырым, Жақсы елді мекені - Бұзылық ауылы); «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1247 шақырым, СҚО шекарасы - Астана қаласы);

«Екатеринбург - Алматы» (1275-1353 шақырым, Астана - Қарағанды облысы шекарасы); «Астана-Қорғалжын» (19-180 шақырым, Астана - Қорғалжың қорығы);

«Астана - Қабанбай батыр - Ақмола облыс шекарасы» (16-51 шақырым); «Макинск-Ақсу-Торғай» (0-240 шақырым, Макинск қ.-Торғай қ.); «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырым); «Көкшетау-Атбасар» (48-184 шақырым, Зеренді елді мекені-Атбасар қ.).

Қостанай облысында  боран мен жолды көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты сағат 20:00-ден бастап көлік құралдарының кез келген түрі үшін республикалық маңызы бар  Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232 шақырым, Әулиекөл ауданы - Ақмола облысының шекарасы) тасжолы жабылды.

Павлодар облысында жолдың көрінбеуіне байланысты сағат 20:00-ден бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 205-259 шақырым аралығында (Шідерті кентінен Ақмола облысына дейін) барлық автокөлік құралдарының түрлеріне қозғалыс жабылды. 

 Ақтөбе облысында көктайғақтың түсуіне байланысты 22:00-ден бастап  республикалық маңызы бар мына жолдар жабылды: «Самара-Шымкент» (836-965 шақырым); «Ақтөбе-Орск» (39-135 шақырым).

Соңғы жаңалықтар