Еліміздің бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

 Республиканың батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал, бұршақ жауып, дауыл болуы күтіледі.

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар