Еліміздің 4 облысында жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында 20 қаңтар күні сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Чарск-Бакырчик» (0-42 км), «Бакырчик-Бурсак» (0-18 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.

20.01. сағат 17:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Новопокровка-Петропавловка-Зубайыр-Байтанат» (0-41 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

20.01. сағат 22:30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Бородулиха-Жезкент» (0-49 км) облыстық маңызды тасжолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 12:30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Семей қ- Қайнар а.» республикалық маңызды автожолы (км. 8-144) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 16:00-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Өскемен қ. - Семей қ.» республикалық маңызды а/ж (48-198 км. Таврия а. - Семей қ.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 16:00-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Омск-Майкапшағай» республикалық маңызды а/ж (756-900 км. Семей қ.-Қалбатау қ.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 16:00-да «Алматы - Өскемен» республикалық маңызды а/ж (973-1048 км, Калбатау.а-Улан а.) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық. 21.01. сағат 17:45-те «Шемонаиха-РФ шек.» республикалық маңызды а/ж (км. 108-123) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 18:00-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Өскемен-Тарғын-Самарское» облыстық маңызды а/ж (0-145 км), «Алматы - Өскемен» республикалық маңызды а/ж (778-973 км, Калбатау а.) барлық а/к түрлеріне қозғалыс жабық.

Алматы облысында 20 қаңтар күні сағат 23:00-ден бастап «Сарыөзек-Көктал» Республикалық маңызы бар автожолдың 40-ші мен 80-ші шақырымында жүк және адам тасымалдайтын автокөліктерге шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 21 қаңтар күні сағат 10:00-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Қостанай облысында 21 қаңтар күні сағат 10:50-де ауа райының нашаралуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Жезқазган-Петропавл» автожолының Арқалық қаласынан Ақмола облысына дейінгі 252-377 шақырымы барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

21.01. сағат 18:50-де ауа райының қолайсыздықтарына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Аркалық-Торғай» (0-288км.), «Әулиекөл-Жолдама» (0-257 км.), «Қойбағар-Севастопольский» (0-236 км.), «Әулиекөл-Ақжол» (0-130 км.) жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Ақмола облысында 21 қаңтар күні сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург - Алматы» 917-1006 км ( п. Жақсы - Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82); «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (232-260 км); «Жезқазған - Петропавловск» (377-595 км) «Екатеринбург-Алматы» (917-856 км); «Астана -Кабанбай Батыра-Киевка-Теміртау» (16-51 км); «Екатеринбург-Алматы» (1280-1353 км) жолдарында козғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

21.01. сағат 09:40 та ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург - Алматы» автожолының  917-1006 шақырымы (Жақсы кенті - Атбасар) барлық көлік түрлері үшін жабық.

Астана қаласы 21 қаңтар күні сағат 14:20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Астана-Щучинск» республикалық маңыздағы а/ж жүк және қоғамдық автокөліктерге жол жабық.

Соңғы жаңалықтар