Еліміздегі ең төмен пара Оңтүстік Қазақстан облысында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы «Деловой климат» рейтингінің қорытындысы бойынша ең төмен пара Оңтүстік Қазақстан облысында болып шықты. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылар ең көп сыбайлас жемқорлық жасайтындар кеден органдары, экономикалық тергеу және көлік инспекциясы екенін айтқан, деп хабарлады TVK телеарнасы.

ҰКП зерттеу нәтижесіне сәйкес облыста кеден қызметтерінде параның орташа көлемі - 40-160 мың теңге, ал экономикалық тергеу қызметтерінде - 195 мың теңгеге дейін. Салық органдарында пара 14-97 мың теңге, ал көлік бақылау қызметінде - 28-115 мың теңге көлемінде түрленеді. Тұтастай бұл Қазақстан бойынша параның орташа деңгейінен 2-3 есеге төмен.

Бизнесмендерді сыбайлас жемқорлық схемаға жүгінуіне итермелейтін негізгі факторлар -  мемлекеттік органдар тарапынан түрлі талаптар санының көптігі, төрешілдік, лицензиялар бағасының жоғарылығы, өтініштерді қарау мерзімдерінің ұзақтығы, жиі тексерістер мен кәсіпкерлердің заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен бас тартуы.

Соңғы жаңалықтар