Еліміздегі дене шынықтыру мұғалімдері Ақтөбеде жарысқа түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасында үшсайыстан жарыс өтті. Ақтөбеде өткен жарысқа 100-ден астам мұғалім қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге Атырау, Алматы, БҚО, Маңғыстау, Қызылорда, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері келді. Мұғалімдер қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру мен қол күресінен сынға түсті.

«Дене тәрбиесе - жауапкершілікті талап ететін пән. Адам өз баласын құлап қалмасын, аяқ-қолын сындырып алмасын деп бақылап, қарап, ескерту беріп отырады. Біз де сабақ кезінде оқушылардың аман-есен жүргенін қалаймыз. Спортта жарақат алу мүмкін, оның салдарымен күресуді емес, алдын-алуды ойлаймыз. Балалар телефон мен компьютерге байланған, ал дене шынықтыру пәні балалардың ойы мен бойын сергітеді. Қазіргі оқушылар дене тәрбиесі сабағына асығып, жүрігіп келеді. Әрі оқушылар арасында негізгі пәнді нашар игергенімен, дене тәрбиесі пәнінің үздігі атанып жүргендер де кездеседі. Әлі бұл қарапайым жүгіріп, секіріп, доп қуатын емес, жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін пән. Спортшыларымыз жетістікке жетсе, еліміздің көк туы көтеріледі, биіктен көрінсе, кейінгі ұрпақты ынталандырады. Сондықтан салмағы басым салаға деген көзқарас өзгерді, мұғалімдер сол бағыттағы жұмысын әрі қарай жалғастырады»,- деді Шалқар аудандық №8 жалпы орта мектеп мұғалімі Сағыныш Тажекенов.

Айта кетейік, жарысқа барлығы 122 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қатысып жатыр. Жарыс екі күнге созылады. Жеңімпаздар кубок және дипломдармен марапатталады.   

Соңғы жаңалықтар