Еліміздегі Аналар кеңесі оңтүстікте бас қосты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  1 774 Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бас қосты.  Облыс орталығына жиналған нәзікжандылар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚХА қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ  ғалымдар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, барлық облыстардағы Аналар кеңестерінің төрайымдары да осы жерден табылды. Бас қосуда сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жер жүзіндегі барлық халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі орасан екенін атап өтті.

null

«Бүгінде біздің қоғамдағы аналарымыз елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға, мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздегі жалпы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы әйелдердің үлесіне тиеді екен. Бұл - үлкен көрсеткіш, жоғары нәтиже, жақсылықтың нышаны. Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан Аналар кеңесін құру елдігімізге тән, тарихи дәстүрімізбен тамырлас бастама болып табылады», - деді аймақ басшысы.
null

Республикалық отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау мен  ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды.  
null

Айта кету керек, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1 774 Аналар кеңесі жұмыс істеуде. Кеңесте 9 234 адам мүше болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 202 Аналар кеңесі бар. 1130-дан астам мүшесі бар кеңес ажырасудың алдын алу мен отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде 640-тан астам iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды.
null

null

null

Соңғы жаңалықтар