Елімізде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысы жұмысын бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі таңда елімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыру процестері жүріп жатыр. Осыған байланысты барлық саяси, экономикалық, қоғамдық күштердің бәрін де Мемлекет басшысының идеясының төңірегінде үйлестіру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, біз Астана, Алматы мен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі этномәдени бірлестіктердің жастары «Жаңғыру жолы» атты қозғалыс құруды, оның концепциясы мен стратегиясын талқылап, ҚХА-ның жастарға қатысты барлық қоғамдық ұйымдарының бірігуімен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысын құру туралы туралы шешімге келдік», - дейді Астанада өткен жастар құрылтайында қозғалыстың төрағасы болып сайланған Максим Споткай.
null 

Максим Споткайдың айтуынша, қозғалыстың миссиясы - дініне, тіліне, ұлтына қарамастан, Қазақстанның барлық жастарын еліміздің кешенді жаңғыруына атсалыстыру болып табылады.

Тың қозғалыстың жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сәттілік тілеп, жастарға сенім білдірді.
null 

«Ең алдымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысын құру жөніндегі бастаманы қолдайтынымды білдіргім келеді. Баршаңыз білесіздер, 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси жүйеде, экономикада және қоғамымыздың рухани саласында ауқымды жаңғыруларды бастап берді. Таяуда Мемлекет басшысы әлеуметтік бес бастаманы ұсынды. Олардың мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік бірлікті нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Бұл ең алдымен жастардың қамы үшін жасалып жатыр. Дәл Сіздер біршама уақыттан кейін ел дамуының бағытын айқындайтын боласыздар. Сондықтан, «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысының құрылуын - Қазақстанның стратегиялық бағытында жастарды қолдау деп білемін», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
null 

Жиын барысында ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко Максим Споткайға Қазақстан халқы Ассамблеясының туын табыстады.

null 

Соңғы жаңалықтар