Елімізде өсімдіктерді қорғауды қаржыландыру жүйесі өзгермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өсімдіктерді қорғау бағытындағы қаржыландыру жүйесін өзгерту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тың өзгерістер жайлы Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов айтты.

«Жыл сайын өсімдіктерді өңдеуге бюджеттен 2,2 млрд теңге қаражат бөлінеді. Оның ішінде пестицидтерді сатып алуға 0,7 млрд кетсе, қалған 1,5 млрд. теңге (65%) сатып алынған пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану бойынша қызметтерге жұмсалады. Бұл тәсіл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалып жатқанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, бұл жол залалдандырылған аумақты фитосанитариялық шаралармен толықтай қамти алмайды», - дейді Қайрат Айтуғанов.

Оның айтуынша, өсімдіктерді қорғау картасында әр облыс бойынша егістердің фитосанитариялық жағдайы белгіленген. Арамшөптің басу алаңдары анықталып, арамшөп бойынша 4,7 млн га аумақ, ал зиянкестер мен аурулар бойынша 1,5 млнга аумақ өңдеумен қамтылмаған.

«Бұдан басқа пестицидтерді сатып алудың орталықтандырылған процедуралары өңдеу процессерінің созылып кетуіне әкеп соқтырады. Бюджет бойынша пестицидтер теңгемен сатылып алынатындықтан, нарықтық бағалар өзгергенде шұғыл әрекет етуге мүмкіндік бермейді», - дейді вице-министр.

Аталған кемшіліктерді жою мақсатында ҚР АШМ заң жобасы арқылы бюджет қаражаты есебінен өсімдіктерді қорғау және карантині бойынша шараларды қаржыландырудың жаңа жолын ұсынып отыр. Демек, пестицидтерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен бөлек, заң жобасы мақұлданса ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер де қаражат жұмсайтын болады. Ал АШМ шегірткелерге және мемлекеттік жер қорындағы таралған карантиндік объектілерге (жұпсыз жібек көбелегі, карантиндік арамшөптер) қарсы шараларды бұрынғыдай өз міндетінде қалдырмақ.

Соңғы жаңалықтар