Елімізде онкологияны анықтауға жасанды интеллект көмектеспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың онкологиялық ауруларымен емдеуге көмектесетін жасанды интеллект енгізіледі. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Александр Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында онкологиялық ауруларды емдеу саласында жасанды интеллект енгізіліп жатқанын айтқан ол: «Қазіргі уақытта біз ілкі жобаны енгізу үстіндеміз. Ол когнитивтік тұғырнама сияқты және пациентің мәліметтерін саралайды. Әлемде бұл өнім көптеген елдерде жүзеге асырылған», - деді.

Оның айтуынша, аталған жүйе адам денсаулығының 60-тан астам түрлі параметрлерін сараптап, соның негізінде әлемдік жетекші жарияланымдарды пайдалана отырып, диагноз қоюға ұсыныс береді.

«Жүйе аталған мәліметтерді, өңдеп, адамның денсаулығының жай-күйі, емдеу әдісі жайында ақпарат береді. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама онкология саласында ілкі жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр және таяу аралықта біз аталған ілкі жобаның алғашқы нәтижелерін жария етпекпіз», - деді Александр Цой.

Соңғы жаңалықтар