Елімізде мизам шуақ көпке созылмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14-16 қазан демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан территориясына жылы және жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон өтіп барады. Оның соңынан батыс өңірден атмосферлық ағындар келеді және шығысқа қарай жылжу кезінде кей жерлерде жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Тропосферада оңтүстік-батыс ағындардың және Таяу Шығыс аудандарынан ауа массаларының келуі сақталады, сол себептен ағындардың өтуіне байланысты температураның күрт төмендеуі күтілмейді, деп мәлім етті синоптиктер.

Соңғы жаңалықтар