Елімізде доллар саудасы қызып тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасының өкілдері 9 айдың жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биржа мәліметтеріне қарағанда, қазақстандықтар арасында валюта саудасы қыза бастады. Биылғы 9 ай ішінде валюта саудасының жалпы көлемі 12,4%-ға артты. Өткен жылдың осы кезеңінде 8,93 трлн теңге болды.

«Ең көп өсім көрсеткен рубль болды. Өткен тоқсанмен салыстырғанда мәмілелер саны 193-ке артып, 654 болды.  Сатылған және сатылып алынған валюталар бірлігі 1078,1 %-ға артып, 28 277,6 млн валюта бірлігін құрады. Жалпы айтқанда доллар бойынша мәміле көп жасалған. Өткен тоқсанмен салыстырғанда +2610 болды. Яғни соңғы тоқсанда 21361 мәміле жасалды. Сатылған және сатылып алынған доллар бірлігі 8,7%-ға артып, 10341 бірлік болды. Соңғы тоқсанда американ валютасының бағамы 319 -342 теңге арасында құбылып тұрды. Есептік кезеңнің соңында доллар бағамы 341 теңге болды», - деді Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында еуро саудасы бойынша көрсеткіш төмендеген. Соңғы тоқсанда 39 ғана мәміле жасалған. Қытай юані KASE шетел валютасы нарығында үшінші позицияны алды.

Соңғы жаңалықтар