Елімізде ауыл шаруашылығы саласында несиеге деген сұраныс ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында банктер ауыл шаруашылығы секторына жалпы сомасы 188 миллиард теңгені құрайтын несие бөлді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.

Агроөнеркәсіп саласына бөлінген несие үлесі екі жылда екі есе өсіп, экономикадағы барлық несиелердің 9%-ын құрады, деп хабарлады energyprom.kz">energyprom.kz мониторинг агенттігі.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, банктер бағытын ауыл шаруашылығын несиелендіруге бұрып жатыр.  2014 жылдан ауыл шаруашылығындағы екінші деңгейлі банктер несиесінің үлесі  5%-дан қазіргі 9%-ға өсті.

Барлығы соңғы 2 жылда агроөнеркәсіп секторындағы несие портфелінің көлемі 67%-ға, 734 миллиард  теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығындағы несие белсенділігінің артуына соңғы 2 жылда «ҚазАгро» ҰБХ ықпалдасқаны аталып өтілді. 

Соңғы жаңалықтар