Елімізде 12 мыңнан астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда негізгі 4 пәнді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер 6 орталықта тіл курсынан өтуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның 2016-2019 жылдарға аналған білім беруді жәнге ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес үш тілде оқытуға көшу 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда басталатын болады. Бұл физика, химия, биология және информатика пәндері. Бұл 4 пән бойынша елімізде 31 928 мұғалім қызмет етеді. Оның 62 пайызы ауылдық жерде, 38 пайызы қалалық жерде білім беруде. Осы 2016-2017 жылдары мұғалімдерді дайындау курстары басталды. Екі жылдың ішінде 12179 мұғалім курстардан өтуде», - деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіл курстарын «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» АБҰ, «Өрлеу» ҰБЖА» АҚ, «USTAZ», «Astana School of Business and Technology» және «Астана білім ордасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізеді.

«Назарбаев Университетінің» вице-президенті Қадиша Даированың айтуынша, университет базасында 4897 мұғалімді ағылшын тіліне оқыту жүргізілді. Оның 2533-і - ауыл, ал 2364-і - қала мұғалімі. Курс бағдарламасы үш модульден тұрды. Курс аяқталғаннан кейін бағдарламадан табысты өткен мұғалімдерге арнайы сертификаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар