Елеусінов Олимпиададан кейінгі алғашқы жекпе-жегі туралы: Өзіме көңілім толмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс академиясында Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан елдері құрама командаларының матчтық кездесуі аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Матчтық кездесудің соңғы күнінде Қазақстан мен Өзбекстан елінің командалары қолғап түйістірді. 10 кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың мерейі үстем болды. Жеңімпаздардың арасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар. Ол үшін матчтық кездесу Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы айқас болып отыр. Елеусінов бүгін Бобоусмон Батуровпен шаршы алаңға шықты.

«Жалпы, айқас мен үшін оңайға түскен жоқ. Мен Олимпиада ойындарынан кейін шаршы алаңға шыққан жоқ едім. Өзіме көңілім толмады. Бірақ, осыған дейін боксқа шықпағанымды ескерсем, бүгінгі нәтижемді қанағаттанарлық деп айтуыма болады. Мен бұрын ол қарсыласпен кездесіп көрмеген екенмін», - дейді Данияр Елеусінов.

Наурыз айының басында қазақстандық боксшылар Польшадағы Феликс Штамм турнирі мен Финляндиядағы GeeBee сайысына аттанады. Ал ерлер мен әйелдер үшін осы жылдың басты сайысы - Малайзияда өтетін Азия ойындары болмақ.
null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар