Елеусінов АҚШ-та америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол төрт раунд форматындағы кездесуде 26 жастағы америкалық Джован Джонмен күш сынасты (2-4-1, 0 КО). Стоун-Маунтин қаласындағы (Джорджия штаты, АҚШ) Legacy Garden Park and Event Center ойын-сауық кешенінде өткен жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Бұл Дәуреннің кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі болды, ал Джон бесінші рет жеңілді.

Еске салайық, Дәурен Елеусінов екі жылдық үзілістен соң 6 сәуірде рингке оралған болатын. Индианаполисте (Индиана, АҚШ) өткізген  жекпе-жегінде де ол америкалық боксшы Леонель Хименесті (4-23-1, 4 КО) бірінші раундта сұлатып салды.

Соңғы жаңалықтар