Электронды визаны енгізуге қаржы керек - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі электронды визаны енгізуді көздейді. Алайда осы бастаманы іске асыру үшін қаражат қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде біз визалық режимді барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Осы орайда заман талабына сай технологияларды қолдану жұмысына баса назар аударылады. Үкіметтің тапсырмасы бойынша электронды визаны енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Соның арқасында шетел азаматтары Қазақстанның визасын жылдам әрі кедергісіз ала алады. Негізгі мақсат - туристердің санын барынша арттыру, инвестициялардың көлемін ұлғайту», - деді консулдық қызмет департаментінің басшысы Ардақ Мадиев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электронды визаның арқасында Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы байланыс күшейе түседі. Сауда-саттық та артады. «Қазіргі кезде біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм комитетімен тығыз жұмыс жасап келеміз. Бүгін тағы бір кеңесті өткіздік. Сол жерде құзіретті мемлекеттік органдардың қатысуымен электронды виза енгізу мәселесі қаралды. Жақын арада осы бастаманы іске асыра аламыз деп сенемін. Бірақ бюджет қаржысына, ол ақшаны алғанымызға байланысты», - деп атап көрсетті А.Мадиев.

Соңғы жаңалықтар