Электронды бәссаудада жекешелендірілген ең қымбат нысан Қазақ мұнай және газ институты болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электронды бәссаудада сатылған нысандардың арасында Қазақ мұнай және газ институты ең қымбаты болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлім етті.

«Электронды сауда алаңында өткізілген ең қымбат нысан Қазақ мұнай және газ институты болды, яғни 7,5 млрд. теңгеге өтті. Көліктік қызмет орталығын сату кезінде қатысушылар ең көп қадам жасаған болатын, осы ретте олар бағаның  102 өсім қадамын жасады. Ең көп  қатысушылар болған  бәссауда 2007 жылғы «Toyota Camri» көлігін сату кезінде тіркелді. Оны Атыраудың қалалық қаржы бөлімі шығарған еді. Бір бәссауда аясында саудаға 401 адам қатысты», - деді Э. Өтепов.

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес, саудаға 622 нысан шығару жоспарланған. 2014 жылдың маусымынан  2016 жылдың тамызына дейінгі кезеңде 523 нысанды жекешелендіру қарастырылған еді. 2016 жылдың 26 қыркүйегіндегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға  509  нысан шығарылып, оның 314-і сатылды. Соның ішінде республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік - 157, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша - 81,  ал  57 нысан холдингтерге тиесілі.

Бұл ретте сатудан түскен қаражатқа тоқталатын болсақ, республикалық бюджетке - 7 млрд. теңге, облыстық бюджетке - 5,1 млрд. теңге, холдингтерге - 68,1 млрд. теңге және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға 6,4 млрд. теңге түсті.

Соңғы жаңалықтар