Елдос Жұмақанов - «Masters» турнирінің күміс жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Санкт-Петербургте өтіп жатқан əлемдік «Masters» турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов күміс медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əлемнің үздік дзюдошылары бақтарын сынап жатқан додада Елдос Чибана Чарлизді ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Жартылай финалда отандасымыз грузиялық Ваза Маргвенашвилиді иппонмен жеңді.

Алайда, Елдос Жұмақанов финалда моңғолиялық дзюдошы Херленг Ганболдқа есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс бүгін де жалғасады. Аталған турнирде Елдос Жұмақановпен қатар 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев, 90 келі салмақта Ислам Бозбаев және әйелдер арасында 57 келі салмақта Севара Нышанбаева ел намысын қорғап жатыр.

Додаға жалпы әлемнің 41 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған балуанға 1800 ұпай, екінші орын алған балуанға 1260 ұпай және үшінші орын алған балуанға 900 ұпай беріледі.

Соңғы жаңалықтар