Елдос Сметов Еуропа кубогына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді, деп хабарлайды Массагет.кз.

Халықаралық бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 14 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар.

Елдос Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін тынығып, Гран-При турнирінің көпшілігіне қатысқан жоқ. Ақпан айында Дюссельдорфтағы додада жүлделі орыннан көріне алмады. Ал алдағы Еуропа кубогында 66 келіде бақ сынап көрмек.

Саарбрюккендегі додаға Елдостан бөлек Рио Олимпиадасына қатысқан Жансай Смағұлов пен Максим Раков та қатысады. Жалпы алғанда мына спортшылар бақ сынайды:

Айбек Имашев (60 кг)

Елдос Сметов (66 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Нұрлан Оразалин (73 кг)

Елдос Жұмақанов (73 кг)

Азамат Мұқанов (73 кг)

Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)

Азиз Қалқаманұлы (90 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Сұңғат Закарияев (90 кг)

Максим Раков (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ержан Шынкеев (+100 кг)

Соңғы жаңалықтар