Елдос Сметов әлем рейтингіндегі көшбасшы орнын жоғалтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдос Сметов дзюдодан жаңартылған жаңа әлемдік рейтингте бірінші орыннан төртінші орынға бірақ сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен сенбі, жексенбі күндері Франция астанасы Парижде дзюдодан маусымның алғашқы жарысы «Grand Slam» Paris 2017 турнирі өткен болатын. Осы додадан кейін IJF рейтингі жаңартылды. Онда 60 келі салмақта көшбасшы болып тұрған отандасымыз Елдос Сметов бірінші орыннан төртінші орынға түсіп қалды. Бұл салмақта «Grand Slam» Paris 2017 жарысының жеңімпазы жапониялық Нахиса Такато бірінші орынға көтерілді.

66 келі салмақта бұрын төртінші орында тұрған балуанымыз Азамат Мұханов 15-орыннан көрінді. Бұл салмақта кореялық балуан Ан Баул рейтингтегі көшбасшылықты сақтап қалды.

73 келі салмақта қазақ балуандары алғашқы жирмалыққа да іліге алған жоқ. Үшінші орында тұрған Шохей Ононды кореялық спортшы Ан Чагрим ығыстырды. Аталмыш салмақтың үздігі әзербайжандық Рустам Оруджов өз орнын сақтап қалды.

81 келідегі балуандарымыз да ТОП-20-ға іліге алған жоқ. Көш басында жапониялық Таканори Нагасе тұр.

Қазақстандық спортшылар 100 келіге дейінгі және аса ауыр салмақ дәрежесінде де үздіктер қатарына көтеріле алмады. 100 келіге дейінгі салмақта бірінші орында болған әзербайжандық дзюдошы Эльмар Гасимов франциялық Сириль Маремен орын алмасты. Олимпиада жеңімпазы Лукаш Крпалек үздік үштікте қалса, жерлесіміз Максим Раков бұл қатарда мүлде жоқ. Ал аса ауыр салмақта көш басында - франциялық балуан. 

Соңғы жаңалықтар