Елдің солтүстігі мен шығысында тағы су тасқыны болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Казгидромет»  РМК Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысында жаңа су тасқындары болуы мүмкін екендігі жайлы ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Сәуірдің 29-ы мен 1 мамыр аралығында жаңбыр жауады деп болжануына орай Шығыс Қазақстан облысында өзендердегі су деңгейі күрт көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп, жаңа су тасқыны болу қаупі бар. 

Соңғы жаңалықтар