Елдің оңтүстігі мен шығысында қар көшкіні қаупі сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында  24-25 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ТЖК сайты. 

Қар көшкінінің жүруіне ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.

Таяу тәулікте 24 сәуірде болжанып отырған жаңбырға байланысты, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы өзендерде су тасқыны, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар