Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, жауын елдің батысында ғана күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, батыста және оңтүстік шығыста желдің күшеюі  ықтимал, батыста сондай-ақ көктайғақ болжанады. 

Атап айтқанда, Алматы облысының  кей жерлерін тұман басады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күше  

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.  

Соңғы жаңалықтар