Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Елдегі астықтың - төрттен бірі, алтынның үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі

Елдегі астықтың - төрттен бірі, алтынның үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі
2017 жылғы 15 қараша 13:02 656

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жиналатын астықтың - төрттен бірін, қазылатын алтынның үштен бірін Ақмола облысы өндіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында баяндаған өңір әкімі Мәлік Мырзалин айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, жалпы ішкі өнім бойынша өңірлік құрылымда өнеркәсіп секторының үлесі - 25%, ауыл шаруашылығының үлесі 15% құрап отыр.

«Жалпы республика бойынша есептегенде Ақмола облысы республика көлемінде сапалы азық-түлік астығының төрттен бірін өндіреді. Бұл астықты өңіріміз экспортқа да шығарып отыр. Индустрияландыру бағдарламасының арқасында облыс алтын өндірісін төрт есе ұлғайтып, республика көлеміндегі жалпы алтын өндірісінің үлесі 34% жетті. Жүк көлігі өндірісінің жартысынан астамы (55%), кірпіштің - 30%, ұнның 10% Ақмола өңіріне тиесілі. Қазақстандағы уран қорының шамамен 10% біздің аймақта шоғырланғанын атап өткім келеді», - дейді Мәлік Мырзалин.

ТМД-да теміржол көлігі үшін мойынтіректі (машинаның қозғалмайтын бөлшегіндегі біліктің мойыны) шығаратын жалғыз кәсіпорын Ақмола облысында орналасқан. Мәлік Мырзалиннің сөзіне сенсек, ішкі сұраныстан бөлек, өндірілген мойынтіректердің 80%  Ресей Федерациясына жеткізіледі.

 

 

 

Басты сөздер: Аймақ, Ақмола облысы, Әкім, Экономика,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер