Елбасының Жолдауы - жарқын болашақ кепілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдауының мақсат-мүддесі, жауапкершілігі мен талаптары бұрынғы қай кездегімен болмасын айрықша болғанын ешкім де теріске шығара алмайды. Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс екенін қадап тұрып айтты. Мемлекет басшысының бұл үкілі үміті ешқандай да күмән тудырмаса керек.

Қазақ елінің Бірінші жаңғыруы аға ұрпақ саналатын біздердің есімізде. Қазақстан ауыр экономикалық жағдайда Тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қадам басты. Кең-байтақ еліміздің қыруар қазынасы, жылдар бойы жасалып-жасақталған потенциалы еншімізге берілді. КСРО-ның қирандысынан шығып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрдық. Жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшу жүзеге асырылды. Бейбіт өмір салтанат құрды, түрлі кесапат-кеселге жол берілмеді.

Еліміз Екінші жаңғыруын «Қа­зақстан - 2030» стратегиясын қабылдаумен бастады. Қазақ елінің жаңа елордасы - Астана бой көтеріп, өзінің сән-салтанатымен әлем назарын аударды. Республикамыз экономикалық тоқырау шырмауынан босап, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Осынау ұлы жетістік-жеңістеріміз Тәуел­сіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойында барынша атап өтілді. Ширек ғасырлық қысқа мерзімде Қазақ елі, қазақ халқы әлемге танылды! Біз мұны бар дауыспен айтып, мақтаныш етуге қақымыз бар! Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан халықаралық аренада жоғары беделге ие болды, ұстанып отырған саясатымыздың берік те бекем екендігіне ешқандай да күмән жоқ.

Елбасы Жолдауында Үшінші жаң­ғырту жөнінде міндет қойылып отыр. Бұл Жолдаудың «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» аталуынан да көрініп тұр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, әлемдік бәсекеде егемен ел ретіндегі алар орнымыз бен қабілет-қарымымыздың деңгейі тұрғысынан келгенде ұлтымыздың өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктерін зерделеу маңызды.

Осы орайда Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қаз­ақ­стан жолы» атты кітабында жазған төмендегі жолдары ойға оралады: «Бәсе­кеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір тиіс нәрсе - бәсекеге қабілеттілік. Бұл ең алдымен өзіңнің бар­лық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз, бірақ оларды өзіміздің кім екен­дігімізді ұғынғаннан кейін барып қана анықтауға болады.
Біз - ғасырлар бойы әлемдік өркениет­тердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз. Ұлы Дала қашан да әр түрлі мәдениеттер, тілдер, әскерлер, діндер, тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды. Мыңдаған жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды. Ал, ХХІ ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына айналуы тиіс...». 
Ұлттық идентификация проблемасы кез-келген мемлекет секілді Қазақстан үшін де фундаментальді маңызға ие. Ол жекеше не қоғамдық санамен, оның қалыптасуы мен дамуының теориясымен және практикасымен тікелей байланысты.

Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауын жасампаздық Жолдауы ретінде қа­был­дауымыз керек. Бұл Жолдауда алға қойылған міндеттер елімізді әлемдегі да­мыған 30 мемлекеттің қатарынан кө­рі­нуге бастайтын болады. Насихатшы ре­­тінде түрлі жиындарда жиі болып жүр­міз. Қарапайым ауыл тұрғындарының, ди­қандар мен малшылардың, мұғалімдер мен дәрігерлердің, сан алуан мамандық ие­лерінің жүрекжарды лебіздеріне құлақ түрер болсаңыз, олардың жарқын болашаққа деген нық сенімі, Президент Жолдауындағы басымдықтарды терең ұғынуы, Елбасыға деген қошамет-құрметі жаныңызды шуақты нұрға бөлейді.

 

Соңғы жаңалықтар