Елбасының сұхбаты телеарналардан 25 желтоқсанда көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі жетекші БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты аяқталды. Аталмыш сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 25 желтоқсанда республикалық телеарналардың эфирінен көрсетілетін болды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі твиттерде хабарлады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 2017 жылды қорытындылауға арналған сұхбат берді.

Онда Президент Үкімет пен Парламентке неліктен белсенділік танытып, еркін жұмыс жүргізу қажеттігін айтып, Өмірзақ Шөкеевтің Премьер-Министрдің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалғандығына түсінік берді.

Сонымен қатар Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшудің маңыздылығына тоқталып, тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 миллионнан аса қандасымыз көшіп келгендігін , ұлы көштің əлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

Мемлекет басшысы сұхбатында алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны туралы ойымен бөлісті.

Қазақстанның инфрақұрылымдық даму перспективаларына қатысты журналистердің сауалдарына жауап бере келе Президент басты күштің еліміздің транзиттік-логистикалықәлеуетін жетілдіруге жұмсалатынына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар