Елбасының мақаласы өнер адамдарының жігерін қамшылай түсті - Жеңіс Сейдоллаұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елбасының мақаласы біздерді, өнер адамдарын шабыттандырып, жігерімізді тағы да қамшылай түсті». Мұндай ойды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына білдірген пікірінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы айтады.   

«Халықтың сенімін арқалаған Елбасымен бірге 25 жылды абыроймен еңсеріп, ертеңге де үлкен үмітпен қараймыз. Президенттің әрбір жаңа бастамасы біздерді болашаққа нық сеніммен жетелей түсуде. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы - ел ертеңі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін жасалар игі істерге атсалысуға әрқашан әзір. Елбасының болашаққа бағдары, ұлттың рухани жаңғыруы туралы мақаласы біздерді, өнер адамдарын шабыттандырып, жігерімізді тағы да қамшылай түсті», - дейді Жеңіс Сейдоллаұлы.

Сондай-ақ, ол жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсіне отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың XXI ғасырдағы жаһандық үрдістерге сай өмір сүру үшін заман ағымына бейімделе отырып өзгеру мен дамуға деген бастамасына бірауыздан қолдау білдіретіндігін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар