Елбасының мақаласы әрбір азаматтың туған жерінің гүлденуіне нақты үлес қосуға үндейді - Шырын Құрманбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі байқалып отырған әлемдік рухани тоқыраулар кезеңінде жаңа дүниетанымдық бағыт қажеттігі басты мәселеге айналды. Осыған байланысты ұлттық сананы жетілдіру байыпталған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы биылғы Жолдауындағы тұжырымдармен сабақтас. Елдігіміздің рухани дамуына серпін беретін негіздерді ұлттық сананы ұштауға бағыттайды»,-дейді Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің ректоры, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева.

Оның пікірінше, ұлттық идеология бізге ауадай қажет. Өз тілімізді, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді құрметтеп, сақтап қана қоймай жас ұрпаққа, бүкіл әлемге насихаттау - ғылым-білім саласы қызметкерлеріне, жүктелетін жауапкершілік.

«Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған жер», «Мәдени географиялық белдеу» жобалары ғылыми-ағарту зерттеулеріне кең тыныс береді. Сонымен қатар әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Осы орайда ұлттық сананы жаңаша жаңғыртуда қазақстандық әйелдердің белсене атсалысарына сенемін. Елін жерін сүйетін батыр ұлдарымыз бен инабатты қыздарымызды бүкіл әлемге қазақ халқының тұлғасын дәріптейтіндей тәрбиелеу мәселесінің дәл осы тұста өзектілігін айтпасақ болмас. Руханиятымыздың өрісін кеңейтетін құндылықты пайымдауларды негізге ала отырып, ортақ ісімізге жаңа серпін алдық. Оны қапысыз жүзеге асыру міндет деп білемін. Осы орайда дәстүріміздің ең бір асыл үлгісі - Әжелер институтын жаңғырту екені сөзсіз»,-дейді университет ректоры.

Соңғы жаңалықтар