Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастарға арналған - Досымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада белсенді жастар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жастарға арналған деп ойлаймыз. Өйткені, болашақ - жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғырудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Отаныңды сүймей салт-дәстүріңді сақтай алмайтындығыңды да жете түсінген жөн», - деді дөңгелек үстел отырысын ашқан «Қазақстан еріктілері қауымдастығы» ЗТБ-ның атқарушы директоры Нұрлан Досымов.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских Қазақстан Президентінің аталған мақаласы бірқатар басымдықтан тұратындығын баса айтты.

«Елбасы атап өткендей, ең алдымен біз прагматизмді дамытуымыз қажет. Бұл ретте жастарды отансүйгіштікке баулу басты орында тұрады. Әрине, біздің бұл бағыттағы дамуымыз революциялық емес эволюциялық жолмен жүргені өте орынды. Себебі 20 ғасыр революцияға толы болды. Ал оның соңы не болатындығын бәріміз де жақсы білеміз. Халықты да, экономиканы да күйретеді», - деді Мәжіліс депутаты.

Шара қатысушыларының пайымынша, әлеуметтік жаңғырудың басты элементі технологиялық тұрғыда ойлаудың сапалы деңгейіне көтерілу және заманауи қоғамның талаптарына сай болу болмақ. Мұнан бөлек, жастарымыз әлеуметтік және рухани жаңғырудың алдыңғы қатарлық әдістемелерін игеруді мақсат етумен қатар ғасырлар бойы жинақталған ұлттық  құндылықтарымызға негізделген бай тәжірибемізді, ұлтымыздың өзгелерге ұқсамайтын басты ерекшеліктерін сақтап қалуы керек.

Соңғы жаңалықтар