Елбасының атына екі жылға сотталған физика мұғаліміне қолдау білдірілген үндеухат жазылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар жалған лаңкестік үшін екі жылға сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пакқа қолдау білдіріп, петицияға қол қоюда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петиция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған.  Онда үш күн бұрын жазалау үкімі шыққан физика пәнінің оқытушысы Юрий Пактың ісін қайта қарау сұралған.  

4 қазан күні avaaz.org қоғамдық петициялар сайтына орналастырылған үндеухатқа мыңнан астам адам қол қойып үлгерді және олардың саны жылдам арту үстінде.

Еске салсақ, Юрий Пакқа 2015 жылдың 14 сәуірінде Қарағандыдағы ЦУМ ғимаратына «бомба» қойды деген айып тағылды. Себебі оның ұялы телефонынан шұғыл әрекет ету қызметтеріне қоңырау түскен. Ер адам бомба қоятындығы туралы хабарлаған.

Ұстаз сотқа өзінің бұл іске қатысы жоқтығын айтып-бақты. Оның айтуынша, қоңырау шалынған уақытта ол әріптес-әйелдерге парталарды тасуға көмектесіп жүрген. Телефон бұл уақытта көрші кабинетте, сөмкесінің ішінде жатқан. 

Соңғы жаңалықтар