Елбасының АҚШ-қа сапары бойынша барлық келісімдер іске асырылуы тиіс - Ахметжан Есімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ-да ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысы және Қорды одан әрі трансформациялау жөнінде кеңес өтті,деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Іссапар аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өкілдері 7 құжатқа қол қойды. Оның ішінде:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ және GE Digital International LLC арасындағы Өнеркәсіптік интернет және өнеркәсіптік деректер талдауы саласындағы стратегиялық келісім.  Ынтымақтастық Қордың бес қоржындық компаниясында («Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) технологияларды «Predix» негізінде қолдануға бағытталған.  

2. Air Astana және International Aero Engines (АҚШ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум келешекте Airbus NEO үлгісіндегі әуе кемелерінің қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт жасау ниетін қарастырады.

3. Air Astana және Air Lease Corporation (АҚШ) компаниясы арасындағы әуе кемелерін жеткізу келісімшартында Airbus NEO үлгісіндегі 10 әуе кемесінің операциялық лизингі қарастырылады.

4. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» және «Дженерал Электрик Казахстан» ЖШС арасындағы маневрлік тепловоздарды сатып алу шарты маневрлік тепловоздардың қызмет ету мерзімі бойынша есептен шығарылуына байланысты паркті жаңартуды қарастырады.  

5. W.R.Grace, ҚазМұнайГаз және Біріккен химиялық компания арасында ҚР-да катализаторларды шығаратын бірлескен кәсіпорын туралы негіздемелік келісім жасалды.

6. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» және GE International Inc арасында ТЭП33А магистральді жолаушылар тепловоздарына сервистік қызмет көрсету туралы шартқа,  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, John Deere және DHL арасында John Deere компаниясының жүктер тасымалын ұйымдастыру бойынша көлік-логистика саласындағы қызметті дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

- Барлық келісімдер жан-жақты пысықталып, нәтижесінде толық жүзеге асырылуы тиіс, - деп атап өтті қоржындық компаниялардың жетекшілерімен кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов. - Оған ұлттық компаниялардың жетекшілері жеке жауапты болады».

Сонымен қатар жиында Қорды одан әрі трансформациялау мәселесі қарастырылды. «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов Қордың негізгі қаржылық көрсеткіштеріне тоқталды. Ол компаниялар тобының кірісі және активтердің құны бойынша бақылау цифрлары белгіленгенін атап өтті.  

- Біз таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымын өзгерттік. Бұл өзгерістер тиімділікті арттыруға бағытталған және бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Трансформацияға тоқталсақ, оның іске қосылғанына үш жыл уақыт өтті. Бұл ретте бізде әрбір кезеңдегі ахуал және қандай нәтижеге қол жеткізгіміз келетіні бойынша тұрақты, анық жағдай болуы қажет, - деп түйіндеді Ахметжан Есімов.

Ұқсас тапсырмалар Қордың барлық қоржындық компанияларына берілді. 

Соңғы жаңалықтар