Елбасының АҚШ-қа ресми сапары туралы видео жарияланды

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары туралы видео жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Видео «ҚР Президентінің АҚШ-қа ресми сапары: кездесулер мен келіссөздер хронологиясы» деген атаумен шыққан. Онда Елбасының АҚШ-та өткізген кездесулер мен келіссөздерінен үзінділер таспаланған.  

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде құны 7 миллиард теңгені құрайтын  20-дан астам келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар