Елбасы Жолдауы - заман талабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық сананың көрінісі, өзіндік қайталанбас ерекшеліктері халқымызға әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуға мүмкіндік береді.

 Ұлттық теңдіктің, пара-парлыққа ұмтылыстың жарқын белгілері - этностың, қоғам мен мемлекеттің орнығуы мен дамуының міндетті шарты іспеттес. Ұлттық идентификациялану мен ұлтшылдық адамдар қауымдастығын нәрлендіреді, оны қа­рапайым қауымдастықтан ұлттық қау­ым­дастыққа айналдырып, өзінің жеке мемлекетін, мәдениетін, идеологиясын құруға мүмкіндік туғызады.

Қазақ халқының, Ұлы Дала көшпенділерінің тамыры тереңде жатқан ежелгі тарихы, сондай-ақ, Ресей империясы мен КСРО құрамындағы тарихы бар. Осы мемлекеттік құрылымдардың шеңберінде жасанды жолмен жаңа ұлт құруға әрекеттен түк шықпады.

Кезін­де Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында айтып өткендей, «Кеңес кезінің өзінде шын ұлттық мемлекеттілік таптық сипаттан ұлттық сипатты жоғары қою жолымен жүзеге асатынына көз жете бастады. Өмірдің барлық саласына «жаңа тарихи қауымдастық - кеңес халқының» моральдық кодексін күштеп енгізу адамдардың ұлттық сезімін, халықтардың өзінің этникалық тегін тануға деген ұмтылысын жойып жібере алмады.

Президент Жолдауда Үшінші жаңғы­рудың негізгі бес басымдығын айқындап берді:

- экономиканың жеделдетілген тех­но­логиялық жаңғыруы;
- дәстүрлі базалық салаларды да­мытуға серпін беру;

- еңбек нарығын жаңғырту, макро­экономикалық тұрақтылық;

- адами капитал сапасын жақ­сарту;

- институтционалдық өзгерістер, қауіп­сіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Бұл басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын және 30 озық елдің қатарына қарай ілгерілеуді қамтамасыз етеді.

Шағын мақалада аталмыш басым­дық­тарға толыққанды сипаттама беріп, тал­дау мүмкін емес. Дегенмен де, орайы келгенде өзімізді толғандыратын кейбір жайлар жөнінде ойымызды ортаға салуды жөн санаймыз. Әңгіме адами капитал сапасын жақсарту жөнінде болмақ. Осы орайда қаймана қазақ үшін аса маңызды саналатын мынадай жайтты айтпай кетуге болмас. 

Президент Н.Назарбаевтың егемендігіміздің алғашқы жылдарынан бастап министрлер мен облыс әкімдеріне тамыр-таныстықтан, сыбайлас жемқорлықтан қолы, рушылдықтан санасы таза адамдарды орналастыруды тереңнен ойлап, осы бағытта ұстамдылық танытып отыруын рушылдық ылаңына тосқауыл қою мақсатынан туындаған ізгі ниет деп қабылдағанымыз жөн.

Осы орайда академик Т.Сайдуллиннің «ұлтшылдықсыз ұлт қалыптаспайды, ал, ұлтшылдығын жоғалтқан ұлт өзін-өзі сақтай алмайды. Бұл қарапайым ақиқат ешбір дәлелдеуді керек етпесе керек-ті» деген сөздерімен келіспеске болмайды.

Қазақстан Республикасы экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері жөні­нен ТМД елдері арасында алдыңғы орынға шықты. Дүниежүзі мемлекеттерінің санатында нарықтық экономикалық ел ретінде мойындалды. Қазір әлем Қазақ елін Ор­талық Азия аймағындағы дамыған көш­басшы демократиялық ел ретінде таниды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Респуб­ликасы аймақтағы геосаяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында ұлан-ғайыр еңбегімен халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналды. Айталық, 2007 жылы желтоқсанда Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қауымдасқан 56 мемлекеттің Сырт­қы істер министрлерінің Қазақстанның осы ұйымға төрағалық қызмет атқаруын мақұлдап дауыс беруі, Қазақстанның 2010 жылғы 3 тамызда осы ұйымға Төраға болып бекітілуі соның жарқын дәлелі болып табылса керек. Қазақстан ТМД елдерінің арасынан аталмыш ұйымға төралқалыққа сайланған бірінші мемлекет! Бұл шешім халықаралық қауымдастықтың Қазақстан халқының Тәу­ел­­сіздік жылдарындағы табыстарына берген лайықты бағасы болды. Шын­туайтына келгенде, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на қатысушы елдер­дің сеніміне кіріп, мойындата білуі, ашық дипломатиялық тиімділіктің хрес­томатиялық үлгісі болды.

 

Соңғы жаңалықтар