Елбасы Жібек жолының Қазақстанға тиімділігін атады

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат -АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысына орай қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» жобасының елімізге тиімділігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Трампқа Астанадағы біздің университетте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Жібек жолы экономикалық белдеуін жария еткендігін айтып бердім. Оған 600 млрд, ал Азиялық инфрақұырылмдық инвестициялар банкі 100 млрд доллар бағытталады. Бұл жолға 67 мемлекет қатысады, оның ішінде Қазақстан да бар. Біз Қытайдан Қазақстан арқылы әлемнің барлық қиырына Ресей мен Еуропаға, Каспий теңізі мен Парсы шығанағына жіне Тынық мұхитына дейін  баратын 2 темір жол және автомобиль жолын салдық», - деді Елбасы.

Осы ретте Қазақстан Президенті қытайдың шығысындағы Ляньюньган портынан Қазақстан арқылы шамамен 2 млн тонна контейнер жүк тасымалданатындығына сенім артатындығын баса айтты.

«Біз одан шамамен 5 млрд теңге пайда табатын боламыз. Яғни, инфрақұрылымдық дамуға жұмсаған ақшамызды қайтарамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар