Елбасы жер сілкінісіне байланысты Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар