Елбасы жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.

Елбасы сондай-ақ  заңнаманы жаңадан қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар